420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамына кезекті ротация жасалды

  • 267
  • UPD: 17:54, 21.08.2020
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамына кезекті ротация жасалды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамына кезекті ротация жасалды.

Бұл туралы Ақорданың facebook парақшасында жарияланды.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына бірқатар азаматтық қоғам өкілі – «Дос» тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Ерділдинова, Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов, журналист, блогер Өркен Кенжебек, медиа сарапшысы Максим Рожин, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров енгізілді», - делінген хабарламада.

Ротация аясында кеңес құрамынан Д.Әшімбаев, М.Тайжан, С.Құттықадам, Б.Мусин және Ж.Қожық шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы