421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

  • 149
  • UPD: 23:42, 21.08.2020
Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия сыйлықты алуға ұсынылған 6 жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен және келесі үш секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарымен танысты:

медицина ғылымдары бойынша;

қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша;

жаратылыстану ғылымдары және металлургия бойынша.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2020 жылғы Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы