420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конституциялық кеңес: тексеріс барысында 17 заңның сәйкес еместігі анықталды

  • 249
  • UPD: 00:51, 22.08.2020

Биыл Ата Заңға 25 жыл. Осыған орай қоғамда конституциялық құндылық пен мәдениетті қалыптастыру үшін біраз шара қолға алынды.

Әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін түрлі байқаулар, іскерлік ойындар мен кездесулер өткізіліп келеді.

Айта кетерлігі, ширек ғасыр ішінде Конституциялық кеңеске 200-ден астам өтініш келіп түскен. Оның 29-ы Парламент қабылдаған және мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылған заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексеру. Жалпы алғанда 15 өтініш бойынша «17 заң конституцияға сәйкес емес» деп танылған. Сонымен қатар Конституциялық Кеңес ата заң нормаларын түсіндіру туралы 100-ден астам өтінішті қарады. Сол бойынша 80-нен астам нормативтік қаулы қабылданған. 

Үнзила Шапақ, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі:

- Мерейтойлы жылы осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру міндеті алдымызға қойылды. Ұлттық жоспарда ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық түсіндіру, ғылыми сараптамалық, қоғамдық бұқаралық сипаттағы шаралар көзделген болатын. Ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар осы істерді іске асыруға кірісті. Ұлттық жоспар шеңберінде 25 жыл ішінде конституцияның тарихына, адамның конституциялық құқықтарының дамуына арналған деректі фильмдер дайындалды.

Хабар 24 телеарнасы