Өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті
- 327
- UPD: 12:40, 22.08.2020

Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша қауіпті химиялық заттардың, жанғыш және жарылыс қаупі бар материалдардың айналымдарына тартылған, қауіптілігі жоғары объектілерде, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Адамдар жаппай жиналатын орындарда, газ-техникалық жұмыстар өндірісінде, сондай-ақ медициналық мекемелерде оттегімен жарақтандыруды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қатамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуге аса назар аударылуы тиіс екені айтылды.
Ақпарат көзі: akorda.kz