420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Грузия президенті С.Зурабишвилиге көңіл айтты

  • 125
  • UPD: 12:28, 25.08.2020
Мемлекет басшысы Грузия президенті С.Зурабишвилиге көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқиғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін», – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы