424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ата заңға арналған конференцияда конституцияны жетілдіру мәселесі талқыланды

  • 206
  • UPD: 15:54, 26.08.2020

Қазақстандағы саяси, әлеуметтік, экономикалық жаңғыру конституцияның өміршеңдігін көрсетеді. Ол құқықтық жүйенің одан әрі дамуының негізі болып отыр. Бұл жөнінде әділет министрі Марат Бекетаев Ата заңымызға арналған халықаралық конференцияда мәлімдеді.

Айтуынша, елдегі  конституциялық реформалары кезінде қоғамның сұраныстары ескерілді.

Айта кетейік, біздің коституцияға 4 рет осындай өзгеріс енгізілген болатын. Ал ғылыми-практикалық жиынға қатысқан мамандар аталған бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіруді талқылады. 

Рамазан Сарпеков, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры:

- Біз көбіне мүддемізді қорғауда конституциялық мүмкіндіктерді пайдалана алмай отырмыз. Оған бірнеше себеп бар. Мәселен, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Ол тек ғана заңға сүйену керек. Халық заңға жүгінгісі келеді. Бірақ мемлекеттік органдар салғырттығынан ескі жаман әдеттерге барамыз.

Хабар 24 телеарнасы