429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Қазақстандағы миссиясын аяқтады

  • 231
  • UPD: 14:02, 26.08.2020
БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Қазақстандағы миссиясын аяқтады ҚР СІМ

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомураны еліміздегі миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

Дипломаттар еліміз бен Ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге тараптардың өзара ықпалдастығын атап өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

БҰҰ өкіліне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алғыс хат табысталды. Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Тұрақты үйлестірушіге БҰҰ-мен қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Дүниежүзілік ұйым алаңында қазақстандық бастамаларды ілгерілетуге белсенді қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Н. Шимомура өз тарапынан Қазақстан Үкіметіне сындарлы ынтымақтастық үшін алғыс айтып, ҚР мен БҰҰ арасындағы берік және сенімді қарым-қатынастардың одан әрі дамитынана сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы