420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда праймеризге 608 адам өзін өзі ұсынды

  • 169
  • UPD: 21:44, 27.08.2020
Қостанайда праймеризге 608 адам өзін өзі ұсынды

Праймериз жарияланғаннан бері Қостанай облысында партияішілік іріктеуге 832 адам тіркелген. Соның 608-і өзін өзі ұсынғандар.

Сайлауға түсетін кандидаттарды таңдаудың мұндай әдісі «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің  арасында үлкен қызығушылық тудырды. Әсіресе жастардың белсенділігі жоғары. Праймериз – кез келген кандидатқа өз ойын айшық айтып, қабылет-қарымын танытуға үлкен мүмкіндік. Және елді мекендердегі өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын  анықтауға септігі мол. Сондай-ақ бұл саяси белсенді топтың жаңа шоғырын қалыптастырудың тың жолы. Қазіргі кезде партия жақтастары, тәуелсіз бақылаушылар өңірлерді аралап, елімізде алғаш өтікізіліп отырған праймериздің мән-маңызын түсіндіріп жүр.

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:

- Жалпы жергілікті жерлерде, мынау Мәслихат депутаттары бір нотариалды органға айналып кеткен. Әкім бюджетін бекітіп береді, бірақ мәселелерді көтермейді. Бұл белгілі бір деңгейде саяси жағынан жаңғырту керек, жаңа жас кадрлар керек, жас көзқарасы бар, жаңа тұлғалар керек. Соларды көтеру керек Соларды шығаруымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы