426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батырбек Байбосынов Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндетін атқарады

  • 278
  • UPD: 16:32, 28.08.2020
Батырбек Байбосынов Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндетін атқарады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі шықты, деп хабарлады elbasy.kz.

Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің басқарма бастығы Батырбек Бердібайұлы Байбосыновқа жүктелді.

Хабар 24 телеарнасы