421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңадан сайланған Сенат депутаттарына төсбелгі мен куәлік табысталды

  • 612
  • UPD: 00:30, 29.08.2020
Жаңадан сайланған Сенат депутаттарына төсбелгі мен куәлік табысталды

Елімізде жаңадан сайланған Сенат депутаттарына куәлік пен төсбелгі табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рәсім «2020 жылғы 12 тамыздағы сайлауда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы» қаулыға сай жүзеге асты. Орталық сайлау комиссиясының бұл жолғы отырысы Ата заңның 25 жылдығы қарсаңында өтті.

Қуаныш Айтаханов, ҚР Сенаторлар кеңесінің мүшесі:

- Сенат депутаты болу үлкен жауапкершілік. Сіздер енді өздеріңіздің бар күш-жігеріңізді, білімдеріңізді, энергияларыңыз еліміздің алға дамуына бағытталған реформаларды жүзеге асыруға бағытталған сапалы және демократиялық заң қабылдауға жұмсайсыздар.

Хабар 24 телеарнасы