426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Праймериз әділ, ашық және тең жағдайда ұйымдастырылуы керек

  • 272
  • UPD: 21:14, 28.08.2020

«Nur Otan» партиясының праймеризі қатысушылар үшін әділ, ашық және тең жағдайда ұйымдастырылуы керек.

Ал, қыркүйек айында басталатын ішкі үгіт-насихат жұмыстары Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарына сәйкес орындалуы қажет. Бүгін партияның Саяси кеңесі Бюросының отырысында Елбасы осы мәселелерге мән беруді тапсырды.

Дархан Әбдуахит, тілші:

- Бюро отырысында қос мәселе талқыға түсті. Әуелгісі – «Nur Otan» жұмысын қайта жандандыру. Содан соң жаңарудың негізгі кезеңдерінің бірі – ішкі іріктеуді өткізу. Осыдан бір жыл бұрын Саяси кеңестің кеңейтілген жиынында партияны жаңғыртудың басты міндеттері айқындалған болатын.

Төтенше жағдай кезінде, одан кейін де «Nur Otan» белсенділік танытты. Мәселен, «Birgemiz» қорынан әлеуметтік аз қамтылған азаматтар мен медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне қолдау көрсетілді.

Праймериз кезінде партияның белсенді, сауатты және патриот мүшелері анықталады. Өткен аптада Елбасы үндеу жолдап, «Бұл тың идеялар мен жобаларды іздеу, нақты әлеуметтік лифт» деген болатын. Содан бері праймеризге қатысуға бел буып, өтініш бергендердің саны көбейді. Партияішілік іріктеуге аса қатты қызығушылық барын Нұрсұлтан Назарбаев атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы:

- Люди хотят активнее участвовать в общественной и политической жизни страны. Мы выбрали правильный вектор перезагрузки партии. Важно обеспечить открытый диалог для совместного решения проблем страны. Задача праймериз – сформировать народные партийные списки. На конкурентной основе выбрать авторитетных лидеров с высокой общественной поддержкой, знающих реальное положение дел, активных людей.

Жергілікті жерде түйткіл көп. Праймеризге қатысушылар сол көп кемшілікті мәселе қылып көтеруі тиіс. Айтып қана қоймай, шешу жолын ұсына білуі қажет. Праймериздің бір көздегені осы. Яғни, ортасына сыйлы, идеясын іске асырып, көпшіліктің қолдауына ие болатын азаматтарды іріктеу. Ішкі іріктеудің бір кезеңі аяқталды. Бюро отырысында партия төрағасы ұйымдастыру жұмыстарының сапасына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы:

- Праймериз надо организовать честно, прозрачно и в равных условиях для всех участников. Внутрипартийная агитация начнется в сентябре. Исходя из ситуации с коронавирусной инфекцией следует провести ее в строгом соответствии с рекомендациями Минздрава. Максимально принять все меры безопасности. Наш главный приоритет – это здоровье людей.

Бұрын сайлау кезінде «Nur Otan» жалпыреспубликалық жалғыз сайлауалды тұғырнама әзірлейтін. Елбасының тапсырмасына сәйкес, бұл жолы 216 өңірлік сайлауалды бағдарламаның жобасы дайындалды. Партия ұсыныстарға ашық.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы:

- Мы создали «социальный лифт» для всех, кто готов на деле участвовать в развитии своего региона и страны. В сентябре будут опубликованы все 216 проектов местных программ. Широкое обсуждение позволит привести наши электоральные задачи в соответствие с запросами и нуждами населения. Программы на пятилетний срок будут доработаны с учетом мнения людей, увязаны с бюджетными возможностями каждого района, города и области.

Жастарға, әйелдерге партия тарапынан қолдау бар. Квота қарастырылып отыр. Соның нәтижесі болар, праймеризге қатысушылардың басым бөлігі – әйелдер мен жастар. Елбасы назар аударған тағы бір мәселе – «Жастар – Отанға» бағдарламасы. «Бағдарламада нақты жұмыс істейтін механизмдер болуы керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ пандемия жағдайында озық технологияларды көбірек қолдануды тапсырды.

«Партия бірлікке ұйытқы болуы тиіс. Бірліктің арқасында кез келген қиындықты еңсереміз. Тұрақтылық пен тыныштықты сақтау үшін үйлесімді жұмыс керек», - деп отырысты түйіндеді Елбасы.

Авторы: Дархан Әбдуахит ПТКК көмегімен

Хабар 24 телеарнасы