420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік хатшы Семей полигонының жабылу күніне арналған шараға қатысты

  • 188
  • UPD: 11:58, 29.08.2020
Мемлекеттік хатшы Семей полигонының жабылу күніне арналған шараға қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Семей полигонының жабылу күніне орай Шығыс Қазақстан облысында болып, Семей қаласындағы ядролық сынақтың құрбандарына арналған Монументке гүл шоқтарын қойды.

Делегация құрамында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және басқа да азаматтар бар.

Ядролық сынақ құрбандарына арналған монументке гүл шоқтарын қою рәсімінде Мемлекеттік хатшы жарты ғасырдан астам уақыт өткізіліп келген ядролық жарылыстарды толыққанды тоқтатып, полигонды жабу бұрынғы Кеңестер одағы басшылығының қарсылығына қарамастан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың патриоттық, ұлтжанды тарихи шешімі семейліктердің ғана емес, бүкіл қазақ халқының, қазақстандықтардың, дүние жүзіндегі прогрессивті адамзаттың қолдауына ие болғанын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының атаулы күніне орай қазақстандықтарға арнаған Үндеуін жариялады.

Мұнан әрі Мемлекеттік хатшы бастаған делегация және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның бір топ мүшелері Семей қаласындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, «Қарағайлы» шағын ауданының, көп бейінді мәдени-спорттық кешенінің құрылыс барысымен, Абай атындағы алаңды, Абай атындағы театрды қайта қалпына келтіру, Абай атындағы музейді жаңарту жұмыстарымен танысты. Бұдан кейін Абай ауданында болып, ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай берген тапсырмасына сәйкес қалыпқа келтірілген Сырт-Қасқабұлақтағы, Жидебайдағы тарихи нысандарды аралап көрді.

Хабар 24 телеарнасы