426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан делегациясы Татар АССР-інің 100 жылдығына арналған шараға қатысып жатыр

  • 184
  • UPD: 15:30, 29.08.2020
Қазақстан делегациясы Татар АССР-інің 100 жылдығына арналған шараға қатысып жатыр

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазанға жұмыс сапары аясында Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды Татарстан президентінің ресми сайты.

А.Балаева Татар АССР-інің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысуға шақырғаны үшін республика басшылығына алғысын білдіріп, Қазақстан мен Татарстан арасындағы қарым-қатынастардың шынайы достық сипатын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ ақпарат министрі бүгін Татарстан Республикасына жұмыс сапары аясында Татарстанның мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевпен кездесу өткізді.

Мұнан бөлек сапар барысында АҚДМ басшысы «Татмедиа» республикалық баспасөз және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің басшылығымен кездеседі. Қазақстан делегациясы Қазандағы тарихи-мәдени маңызы бар бірқатар нысандарды аралап, Татар АССР-нің 100 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға қатысады.

Хабар 24 телеарнасы