421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Жүсіп: Конституция – ел бағытын айқындаған басты құжат

  • 115
  • UPD: 18:24, 31.08.2020

Ата заңымыз тәуелсіз еліміздің 30 жылға жуық тарихындағы дамудың бағыт-бағдарын айқындап берген басты құжат.

Осылай деген Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп халықты Конституцияның мерейлі жылымен құттықтады.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Конституция арқылы еліміз нарықтық даму жолына бет бұрып, өркендеудің нақты қадамдарын белгілеп алды. Қазіргі таңда Президентіміз көптеген іргелі бастамаларды қолға алып, нақты ұсыныстар жасап жатыр. Солардың барлығы заңдық тұрғыда қамтамасыз етіледі. Парламент депутаттары осы бағытта жұмыс істейтін болады. Ата заңымыздың мерейлі жылымен барша қазақстандықтарды құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын

Хабар 24 телеарнасы