421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат спикерінің орынбасары сайланды

  • 261
  • UPD: 22:20, 01.09.2020

Нұрлан Әбдіров Қазақстан Парламентінің жоғары палатасы төрағасының орынбасары болып сайланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрлан Әбдіровтің кандидатурасын Сенат спикері Мәулен Әшімбаев ұсынған болатын. Депутаттар бірауыздан қолдап дауыс берді.

Осыдан бірер күн бұрын Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Мемлекет басшысы экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындықтап берді. Президентіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін жаңғырту, саяси реформларады жалғастыру мәселелеріне жан жақты тоқталып, Парламент пен үкіметтің алдына нақты мақсаттар қойды. Жолдауда айтылған тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан уақытылы әрі сапалы қамтамасыз ету – біздің негізгі міндетіміз.

Хабар 24 телеарнасы