420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай сарапшысы Қазақстанның мемлекеттік қызметіне баға берді

  • 269
Қытай сарапшысы Қазақстанның мемлекеттік қызметіне баға берді

Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының сарапшысы Қазақстанның мемлекеттік қызметі мен квазимемлекеттік секторындағы реформаларға қатысты өз бағасын берді.

Оның пікірінше, экономика мен мемлекеттік басқару салаларындағы реформалар дағдарыстан кейінгі кезеңге қойылған мақсаттарды орындап, үкіметтің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Жалпы бұл шаралар компаниялардың шығынын азайтып, қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ян Цзинь, Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясы Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының сарапшысы:

– Мемлекеттік кәсіпорындарды реформалауға қатысты бірқатар нақты шара ұсынылды. Атап айтсақ, кәсіпорындарды қаржыландыру, қайта құрылымдау мен қызметкерлердің тиімділігін арттыру. Тағы бір айта кетерлік жайт – «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың екінші кезеңі. Себебі бұл тек Қазақстанға ғана емес, қазақ-қытай ынтымақтастығының дамуы үшін де маңызды. Қазірдің өзінде біз «Бір белдеу – бір жол» атты бағдарламаны жүзеге асыруда белгілі бір жетістіктерге жеттік. Соның бірі – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы. Ынтымақтастықтың келесі кезеңі енді «Нұрлы жол» болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы