420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері ауысты

  • 177
  • UPD: 12:10, 02.09.2020
Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері ауысты

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Атап айтар болсақ:

Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Ал Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдивтер Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Жарасқанұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен;

Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Кувейт мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Хабар 24 телеарнасы