420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парламент Мәжілісі үш депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • 158
  • UPD: 12:15, 02.09.2020
Парламент Мәжілісі үш депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Айзада Құрманова, Нұрлан Дулатбеков және Нұрлан Әбдіров басқа қызметке ауысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

VI сессиясының алғашқы жалпы отырысында Мәжілісі төрағасы Нұрлан Нығматулин экс-депутаттарға алғыс хат тапсырып, жаңа жұмыста сәттілік тіледі. Айзада Құрманова Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалса, профессор Нұрлан Дулатбеков Қарағанды мемлекеттік университетіне ректор болды. Ал, Нұрлан Әбдіров күні кеше Парламент Сенаты төрағасының орынбасары болып сайланған еді.

Хабар 24 телеарнасы