VI сессияның алғашқы жалпы отырысында Мәжіліс депутаттары Үкімет мүшелеріне бірнеше сауал жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар індетпен күрес кезінде дәрі-дәрмектің жетіспеуі, ауруханалардағы орын тапшылығы, бағаның өсуі және арнайы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау кезіндегі кемшіліктер көтерді. Жауапты министрліктердің не себепті дайын болмағанын сұрады. Осы орайда депутаттар атқарылған істер бойынша шенеуніктердің есебін күтпек.