424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның ұстанатын саясаты бүкіл Орталық Азияға әсер етуі мүмкін

  • 350
  • UPD: 23:05, 02.09.2020

Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауын шетелдік саясаткерлер назардан тыс қалдырмады.

Қазақстанның алдағы жылдарда ұстанатын саясаты бүкіл Орталық Азия өңіріне әсер етуі мүмкін.

Француз сарапшысы Эмманюэль Дюпюидің пікірінше, Президенттің мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру тапсырмасы қазіргі санитарлық дағдарыс кезінде іске асырылуы тиіс. Өйткені эпидемияның экономикалық және әлеуметтік салдарымен күрестің қалай жүргізілетіні осы мемлекеттік аппараттың тиімділігіне байланысты.

Эмманюэль Дюпюи, Еуропадағы перспективалар және қауіпсіздік институтының президенті:

- Мемлекеттің қоғамдағы рөлін қайта қарайтын кез келді. Кейбір елдердегі шектен тыс бюрократия кесірінен коронавирус өршіп кетті. Әкімшілік шешімдердің ұзақ қабылдануы салдарынан індет тез тарап барады. Тағы да айта кетейін, қазіргідей жағдайда уақыт жоғалтпай, тез әрекет ету қажет.

Хабар 24 телеарнасы