Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Маджит Самадзадэ Саберді қабылдады.
Кездесу барысында әңгімелесушілер саяси және сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың даму динамикасы атап өтіліп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту ұстанымы расталды.
Сонымен қатар аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.