424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат төрағасы «Хабар 24» арнасына сұхбат берді

  • 158
  • UPD: 21:01, 03.09.2020
Сенат төрағасы «Хабар 24» арнасына сұхбат берді

Президент Жолдауында елді елең еткізген көп мәселенің бірі – ауыл әкімдерін сайлау.

Бұл процесс қалай жүзеге асады? Механизм қашан жасақталады? Осы және өзге де сұрақтарға арнамызға берген сұхбатында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жауап берді. Бұдан бөлек, ол мемлекеттік қызметшілерді қысқарту және сот реформасы жөнінде де айтып берді. Сенат төрағасымен болған сұхбатты бүгін сағат 20:30-да назарларыңызға ұсынамыз.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қазір мемлкеттік органдардағы бос жұмыс орындарын қысқарту қажет. Екіншіден, қашықтан жұмыс істеу кезінде көп ведомствоның басшылары бір жұмысты бірнеше адам істеп жатқандығын көрді. Осы орайда жетекшілердің пікірін ескере отырып, керек емес позициялар қысқартылады. Бірақ тек қызметкерлер ғана емес, басшыларға да өз орындарын босатуға тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы