426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолдау 2020. Германия Бундестаг депутаттарының санын қысқартады

  • 121
  • UPD: 10:33, 04.09.2020

Шенеуніктер санын қысқарту мемлекеттік аппарат жұмысын әлдеқайда тиімдірек етеді. Ал жалақыны көтеру мемлекеттік қызметкерлерді өз міндеттерін сапалы атқаруға ынталандырады.

Бундестаг мүшесі Андреас Янның пікірі осындай. Бұл ретте шетелдік саясаткер Германияда ұқсас бастама қолға алынып жатқанын айтады. Мұнда алдағы уақытта Парламент депутаттарының санын қысқарту жоспарланып отыр.

Андреас Ян, Бундестагтың халықаралық істер жөніндегі комитетінің парламенттік хатшысы:

- Бундестагта депутаттар санын қысқарту көзделіп отыр. Келесі шақырылымда парламентарийлер саны 700-ден аз болады. Меніңше, Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту - жақсы идея. Бұл жұмыс сапасы мен тиімділігін арттырады. Біз сондай-ақ жемқорлықты жоюға бағытталған шараларды құптаймыз. Мәселен, бізде депутаттар жақсы жалақы алады. Яғни қосымша табыс табу қажет емес. Сондықтан Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын көтеру - дұрыс стратегия деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы