420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрлан Ермекбаев Ресейде өткен қорғаныс саласы басшыларының бірлескен отырысына қатысты

  • 199
Нұрлан Ермекбаев Ресейде өткен қорғаныс саласы басшыларының бірлескен отырысына қатысты

Еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Ресей астанасы Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ТМД және Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымы елдерінің қорғаныс саласы басшыларымен кездесіп, бірлескен отырысқа қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда халықаралық қауіпсіздікті нығайту және өңірлік тұрақтылықты қолдау бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Әлемдегі шиеленіс ошақтары мен қақтығыс аймақтарының көбеюі, өзара сенімнің жоғалуы сынды өзекті жайттар сөз болды. Ведомство жетекшілері Жеңістің 75 жылдығына арналған бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Көпжақты әскери ынтымақтастықты дамыту құжаттарын қабылдап, ТМД мен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының келер жылға арналған жоспарын бекітті. Атап айтқанда, бірлескен әскери оқу-жаттығу, қару-жарақ пен әскери техника көрмелерін өткізу, оқу-әдістемелік жиындар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерін тексеру жөнінде келісім жасалды. Бұған қоса, Шанхай ынтымақтастық ұйымының оқу-жаттығу жиынын келер жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы