421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша 100 мыңнан астам бұзушылық анықталды

  • 93
  • UPD: 17:02, 09.09.2020
Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша 100 мыңнан астам бұзушылық анықталды

2020 жылғы 9 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының маңызды мәселелеріне арналған бейнеконференция байланысы арқылы жиналыс өтті.

Жиналысқа Агенттік төрағасының орынбасары Д.М.Жазықбаев және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында бұзушылықтарды анықтау және алдын алу, әкімшілік кедергілер, карантин кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстың нашар ұйымдастырылуы, заңсыз делдалдық қызмет көрсету, ақпараттық жүйелердегі техникалық олқылықтар, «Электрондық үкімет» порталындағы қолжетімсіз қызметтер бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тиімсіз жұмысы қарастырылды. Тізімге сәйкес 87,6% (694 қызметтің 608 түрі) электрондық түрде көрсетілуі тиіс. Алайда агенттік 68 қызметтің қолжетімсіздігін анықтады. Мемлекеттік органдардың қысқа мерзімде электрондық қызметтерін порталда, оның ішінде қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы агенттік басшысының орынбасары Дархан Жазықбаев атап өтті.

Агенттіктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры Ильдар Уйсумбаев жиналыс барысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтер саласындағы бұзушылықтардың пайда болу себептері мен жағдайларын жою бойынша жүргізілген жұмыс өз деңгейінде болмағанын атап өтті. Нәтижесінде былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биылғы жылдың басынан бастап қызмет көрсетушілер жіберген бұзушылықтар саны 35% артты (2020 жыл – 103 мың, 2019 жыл – 65 мың).

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қағазбастылық пен әкімшілік кедергілер жасау, жергілікті жердегі мемлекеттік қызметшілер қашықтықтан жұмыс жасау режиміне толыққанды көшуді қамтамасыз етпегендігі туралы фактілері атап өтілді. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылды. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін бірыңғай нормативтік құқықтық актілерді уақытылы қабылдау мен күшін жою орын алды.

Жиналыс соңында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, «ҰАТ» АҚ, Мемлекеттік корпорацияға анықталған бұзушылықтарды жою және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстарды күшейту, сондай-ақ халықпен кері байланыс жасау және әлеуметтік желілерде оларға жедел әрекет ету бойынша нақты ұсынымдар берілді.

 

Хабар 24 телеарнасы