420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы сүт зауытына барды

  • 79
  • UPD: 14:53, 10.09.2020

Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев сүт өңдеумен және сүт өнімдерін шығарумен айналысатын «МИЛХ» кәсіпорнына барды.

Зауыт «Новый день» сауда маркасымен 120-дан астам сүт өнімдерін шығарып, оның 30% Ресейдің көрші облыстарына экспортқа жөнелтіп отыр. Кәсіпорын соңғы жылдары өз өнімдерін экологиялық таза қораптармен шығара бастады. Кәсіпорында 700-ден астам адам еңбек етеді.

Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмысын жоғары бағалады. Президент қазіргідей қиын сәтте шағын және орта бизнеске көрсетілетін көмектің ортаймайтынын айта келе, әсіресе өңірлерде халықты жұмыспен қамтудың маңызды екенін ескертті.

«Бұл ретте «Жұмыс камтудың жол картасы» бағдарламасы өз тиімділігін көрсетті», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Кәсіпорынның жұмысы жақсы. Біз шағын және орта бизнеске көрсетілетін көмекті көбейтпесек, азайтпаймыз. Біздің басты әлеуетіміз – осы сектор. Мен өз Жолдауымда кәсіпкерлікті қолдау, дамыту жөнінде көп нәрсе айттым. Әлемдік пандемияға қарамастан, біз бизнеске деген демеуді үзген жоқпыз.

Хабар 24 телеарнасы