424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

  • 114
  • UPD: 22:25, 10.09.2020

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовпен кездесті.

Ол Елбасына елдегі заңдылық және құқықтық тәртіп жайын баяндап, ведомствоның карантин кезінде атқарған жұмысы туралы айтты. Шағын және орта кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласудың алдын алу бойынша қабылданған шаралармен таныстырды. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық салада азаматтардың құқығын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қылмыстық заңнаманы ізгілендіру нәтижелері туралы есеп берді. Бас прокурордың мәлімдеуінше, ведомстводағы барлық әкімшілік жазбаның 73 проценті электронды форматта жасалады.

Хабар 24 телеарнасы