Н.Назарбаев Ж.Асановпен елдегі сот жүйесі реформасының нәтижесін талқылады
Елбасы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты да қабылдады.
Кездесу барысында сот және елдегі барлық сот жүйесі реформасының нәтижесі талқыланды. Атап айтқанда, қазіргі уақытта «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде сот жүйесін реформалау бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылып жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев заңның үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың сотқа деген сенімін арттыру қажет екенін айтты.