421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының кеңесі бейне-конференция түрінде өтеді

  • 127
  • UPD: 23:08, 10.09.2020
ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының кеңесі бейне-конференция түрінде өтеді

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшыларының кеңесі қараша айында бейне-конференция түрінде өтетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Мәскеуде өткен Ұйымның сыртқы істер министрлерінің кеңесінің нәтижесінде белгілі болды. Жиналғандар халықаралық және аймақтық деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша пікір алысып, пандемия жағдайында ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.

Мұхтар Тілеуберді Қырғыз және Үндістан сыртқы істер министрлерімен екіжақты жиын өткізді. Шыңғыс Айдарбековпен кездесуде екі ел арасында көлік қатынасын қалпына келтіру және шекаралардан өту мәселелерін қарастырды. Қырғыз сыртқы істер министрі індетпен күресте және азаматтарын отанына қайтару ісінде көрсеткен көмегі үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Сергей Лавров, РФ сыртқы істер министрі:

– Бүкіл елде Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мен 75 жыл болған БҰҰ құрылуы кеңінен аталып өтті. Бұл мерейлі жылда осы бағыттағы қосымша қадамдарымызды белгілеп, БҰҰ мен Қауіпсіздік Кеңесінің орталық үйлестіруші рөліне негізделген халықаралық қатынастар жүйесін берік ұстанатынымызды растадық.

Хабар 24 телеарнасы