431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин ұжымға жаңа министрді таныстырды

  • 462
  • UPD: 14:23, 11.09.2020
Асқар Мамин ұжымға жаңа министрді таныстырды primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына ведомство басшысы Юрий Ильинді таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

А.Мамин Мемлекет басшысының қайта құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, тұрғындарға шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық қорғанысты ұйымдастыру бойынша салмақты міндеттер қойып отырғанын атап өтті.  

«Барлық ұйымдастыру шараларын жедел өткізіп, негізгі міндеттерді орындауға кірісу қажет», ­– деді А. Мамин.

Бұған дейін Ю.Ильин жаңадан құрылған министрліктің тізгінін қолына алатынын хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы