421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТЖМ: жаңа министр туралы не білеміз

  • 182
  • UPD: 15:56, 11.09.2020

Елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылып, оның басшысы лауазымына Юрий Ильин тағайындалғаны белгілі.

Жаңа министрге қатысты ақпараттарды ұсынамыз.

Ильин Юрий Викторович 1968 жылы 9 сәуірде РКФСР-дың Куйбышев қаласында туған. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін шынжыр табанды және дөңгелекті машиналарды пайдалану жөніндегі инженер мамандығы бойынша, Қырғыз мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

1992-1996 жылдары Украинаның Сумск облысының азаматтық қорғанысының курстарының оқытушысы және бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

1996-2005 жылдары Алматы облыстық және қалалық төтенше жағдайлар басқармаларында қызмет атқарды.

2005 жылғы наурыздан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары болды. 2011 жылғы желтоқсаннан бастап 2013 жылғы наурызға дейін Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасын басқарды. 2013 жылғы наурыз айында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, 2015 жылғы қазан айында ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2016 жылғы сәуір айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды, генерал-майор.

Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қандай функциялар ТЖМ-ге беріледі?

Хабар 24 телеарнасы