420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұхтар Тілеуберді қытайлық әріптесі Ван Имен келіссөздер жүргізді

  • 105
  • UPD: 22:13, 12.09.2020
Мұхтар Тілеуберді қытайлық әріптесі Ван Имен келіссөздер жүргізді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қытайлық әріптесі Ван Имен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар министрлер халықаралық ұйымдар, форумдар және диалогтық алаңдар аясында өзара ынтымақтастықты күшейту мәселелерін талқылады. Сала басшылары COVID-19 жаһандық пандемиясына қарсы іс-қимылды жандандыруға, сондай-ақ жыл соңына дейін онлайн форматта бірқатар екіжақты іс-шараларды өткізуге келісті.

Хабар 24 телеарнасы