420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сэр Сумма Чакрабарти ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

  • 98
  • UPD: 22:48, 14.09.2020
Сэр Сумма Чакрабарти ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сумма Чакрабарти Президенттің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Үндістанда дүниеге келген британдық экономист ұзақ жыл бойы Ұлыбританияның экономика саласында қызмет еткен. Оның ішінде сыртқы даму басқармасында макроэкономикалық мәселелерге жауапты болды. Чакрабарти 2012 жылы  Еуропалық даму және қайта құру банкінің президенті болып тағайындалған. Банк Қазақстанда бірнеше ірі жобаны қаржыландырды.

Хабар 24 телеарнасы