424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілуі мүмкін

  • 95
  • UPD: 16:14, 15.09.2020
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілуі мүмкін фото: kazakh-tv.kz

Сенаторлар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселесі бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қарады.

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды.

Сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасында ұлттық табиғи парктерден босалқы жерлер ретінде шығарылған қорық жерлерін ерекше қорғауға қайтару тетіктері қарастырылып отыр. Ұсынылып отырған өзгерістер ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғи кешендер мен табиғи-қорық қорының нысандарын сақтауға мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Палатаның қарауына екінші оқылымға шығару туралы шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы