420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пандемияның ең ауыр түріне дайын болуымыз керек - Елбасы

  • 127
  • UPD: 23:25, 16.09.2020

Әлемге коронавирустың екінші толқыны төніп тұр.

Күн сайын індет жұқтырғандар саны артып, наурыздағы көрсеткіштен асып түсті. Кеселдің кесірі тимесін десек, қазірден қамдану қажет. Бүгін бұл мәселе коронавирус пандемиясымен күреске арналған Қауіпсіздік кеңесінің отырысында талқыланды.

Елімізге қауіпті вирус наурыз айында келді. Содан бері пандемиямен күрес қарқын алды. Қатаң карантин енгізіліп, аурудың таралуын тежеу үшін нақты шешімдер қабылданды. Осы аралықта Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің бірнеше отырысын өткізді. Енді міне, тағы бір мәрте жиылып, кеңесетін кез жетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қр Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы:

- Бүгін ҚК отырысында еліміздің алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді қарайтын боламыз. Ол - ұлтымыздың денсаулығын қорғау, экономикалық қауіпсіздігі мәселесі. Бұл міндеттер - ҚК маңызды басымдығы. Біз өткен ақпанда елімізде пандемия басталған кезде ҚК отырысында талқылағанбыз. Алдын алу шарасы бойынша тиісті шешімдер қабылдап, індеттен қорғану үшін қамдануға кірістік. Пандемия Қазақстанды айналып өткен жоқ. Сондықтан сәуір айында жиналдық. Қазір бұл мәселені ҚК тағы да қарайық деп отырмыз.

Халық саулығы мен экономикалық әлеует. Осы екі мәселе күн тәртібіне шығарылған жиында Тұңғыш Президент пандемиямен аянбай күресіп жүргендердің еңбегін атап өтті. Тұтас елдің разылығын жеткізді. Себебі олар індетке қарсы үлкен күш жұмылдырды. Дәрігерлер аянып қалмады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қр Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы:

- Жиын барысында үш бірдей маңызды саланың есебі тыңдалды. Денсаулық сақтау, ұлттық экономика және білім. Ел ішіндегі ахуалдың тұрақтылығы осы құрылымдардың жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан алдын ала болжам жасап, қауіп-қатерді дәлме-дәл бағамдай білу қажет деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қр Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы:

- Первое правительству нужно выработать прогнозы развития в посткризисный период, концептуальное видение угроз и возможностей. Нужно еще раз посмотреть план развития с учетом сегодняшней ситуации в мире. Мы должны быть готовы к наихудшему сценарию развития пандемии и сопряженных с ней угроз.

Пандемияның ең ауыр түріне дайын болуымыз керек. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, дәрі-дәрмек тапшылығы да туындамауы тиіс. Осылай деген Елбасы жүктелген міндеттердің мүлтіксіз орындалуын тапсырды.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Қорған Төреқожа

Хабар 24 телеарнасы