Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 111
427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік басқаруды қалыптастыруға барлық партиялар атсалысуы керек – ҚХКП өкілі

  • 108
  • UPD: 02:18, 22.09.2020
Мемлекеттік басқаруды қалыптастыруға барлық партиялар атсалысуы керек – ҚХКП өкілі

«Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін жасауға барлық партиялар атсалысуы керек» - дейді Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілдері.

Бұл жайында Алматыда «Мемлекеттік басқарудың қазақстандық моделін жаңартудағы саяси партиялардың рөлі» тақырыбында өткен қоғамдық пікір-сайыс алаңында айтылды. Коммунистік партия мүшелері, сарапшылар және ғалымдар қатысқан жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы талқыланды.

«Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқартуды бірауыздан қолдаймыз, еліміз үшін пайдасы аз компаниялардың да санын азайту керек», дейді партия мүшелері. Сондай-ақ жиынға қатысқандар кадрлық резервті жаңалау мәселесін көтерді. Олар мемлекеттік басқару ісіне еліміздегі барлық партиялардың өкілдері қабылдану керек деп есептейді. 

Гүлдана Нұрпейісова, ҚХКП Алматы қалалық ардагерлер және мәдени мұра комитетінің төрайымы:

- Кадрлық резерв керек, өйткені тек қана бір партиядан немесе бір жерден ғана кадрлар алынбау керек. Менің пікірім, біздің пікіріміз басқа да партиялардан, соның ішінде біздің коммунистік партиядан да кадрларды мысалы әкімшілікке, министрлікке, тағы да басқа  жұмыстарға алынуы керек. Біз жастарды үйретіп жатырмыз. Біз де жақсы, керемет кадрларды дайындап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы