427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат төрағасы Қазақстандағы діни басшылармен кездесті

  • 161
  • UPD: 22:12, 22.09.2020

Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен жүздесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде дінаралық диалогты дамыту мен қоғамдық келісімді нығайту мәселесі талқыланды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы ретінде Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта съезд хатшылығының жұмысы діни бірлестіктердің өзара байланысын нығайтады деген сенім білдірді. Бұдан бөлек, Сенат спикері мешіт қызметкерлерінің індет кезінде қиналған отбасыларға қолдау көрсеткеніне ризашылығын білдірді. 

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Астана Метрополиті, Қазақстандағы орыс православ шіркеуінің басшысы Александрмен кездесті. Сенат төрағасы Қазақстандағы Вознесен кафедралы соборының 25 жылдығымен құттықтады. Алматыдағы тарихи сәулет ескерткіші саналатын шіркеу бүгінде ерекше қорғауға алынған. Басқосу кезінде Сенат өрағасы қоғамдық келісімді нығайтуда діни бірлестіктердің ынтымақтастығы жоғары маңызға ие екендігін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы