427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ақ жол» партиясы праймериз әдісін қолдайды

  • 148
  • UPD: 20:26, 22.09.2020
«Ақ жол» партиясы праймериз әдісін қолдайды

Өйткені партия мүшелері бұл әдісті бұрыннан пайдаланып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр Президент сайлауы қарсаңында партияластардың өзара дауыс беруі арқылы 6 үміткердің ішінен Дәния Еспаева жеңіске жеткен еді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ақ жол» партиясының төрағасы, парламенттік фракция жетекшісі Азат Перуашев айтты.

Азат Перуашев, «Ақ жол» ҚДП төрағасы:

– Дәния Мәдиқызы 6 үміткер арасында сол праймеризде жеңді. Партиямыздың құрылтайы үстінде құпиялық дауыс беруменен сайлап қойдық. Яғни біз үшін әдіснеме таныс және де әрі қарай пайдалануды жоспарлап отырмыз. Ал қазіргі кезде Nur Otan партиясы өткізіп отырған праймериздің де біраз үйренетін де және де не сияқты сабақ та қылатын тәжірибе болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы