427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

  • 137
  • UPD: 14:17, 23.09.2020
Франция елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Францияның Қазақстандағы елшісі Филипп Мартинэні еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастардың күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелермен, сондай-ақ алдағы уақытта екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл жөніндегі пікірлермен алмасты.

Дипломаттар тараптардың жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге өзара ынталарын атап өтті.

Кездесу соңында сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ф.Мартинэге екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасын табыс етті.

Хабар 24 телеарнасы