428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат отырысында екі заң қабылданды

  • 123
  • UPD: 16:10, 24.09.2020
Сенат отырысында екі заң қабылданды

Біріккен Араб Әмірліктерінде сотталған қазақстандықтар енді жазасын еліміздегі түзеу мекемелерінде өтей алады, деп хабарлады «Хабар 24».

Бүгін Сенат отырысында депутаттар тиісті заң қабылдады. Екі ел арасындағы келісімдер жинағы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында сотталған адамдарды беру шартын ратификациялау туралы заң жобасында жазылған. Қамауға алынғандарды қайтару процесі осы құжаттың негізінде жүзеге асады. Айта кетейік, қазір аталған мемлекетте 6 жерлесіміз жазасын өтеп жатыр.

Қанатбек Сафинов ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Сенаторлар бүгін тағы бір заң қабылдады. Оған сәйкес келер жылдың 15-ші тамызына дейін Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкес кедендік шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғыртуы тиіс. Нақтырақ айтсақ, ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық және радиациялық бақылау жүргізуге арналған жабдықтарды орнатуға міндетті. Бұдан бөлек, құжатқа сәйкес шекара бекеттері тауарларды тексеру үшін рентген техникасымен жабдықталуы керек.

Сергей Карплюк ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қырғызстанның кеден бекеттерінде заманауи қондырғылар орнатылып жатыр. Олардың көмегімен тауарларды жауапты қызметкерсіз, яғни сканер арқылы бақылауға болады. Бәрі автоматтандырылған. Ақпараттар орталық кедендік органға жіберіледі. Ал ол жақта мониторинг жасалады.

 

Хабар 24 телеарнасы