Қазақстан Республикасының елшісі Қайрат Лама Шариф «әл-Иттихадия» президенттік сарайында Египет Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге сенім грамоталарын тапсырды.
Салтанатты рәсімде қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді.
Өз кезегінде Мысыр президенті елші Қ.Лама Шарифқа жаңа жауапты қызметіне табыстар тілей отырып, Қазақстан басшылығына достық лебіздерін білдірді.
Мысыр президентіне Еуропа одағы, Бельгия, Дания, Нидерланд, Португалия, Венгрия, Корея Республикасы, Израиль, Судан, Бангладеш, Эфиопия, Уругвай, Лесото елшілері және Ватикан нунцийі де сенім грамоталарын тапсырды.
Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі