428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ волонтерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

  • 100
  • UPD: 20:53, 24.09.2020
БҰҰ волонтерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы волонтерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Президенттің Қазақстанда 2020 жылды Волонтерлер жылы деп жариялап, оны халықаралық деңгейде қолдау бастамасын ұсынуы мемлекеттің жастарды, волонтерлерді қолдауы деп жоғары бағалады. Сонымен қатар Біріккен ұлттар ұйымы Twitter әлеуметтік парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сессия кезінде айтқан «Әр дағдарыс жаңа мүмкіндікке жол ашады, бірлік болса ғана экологиялық таза, әділетті әлем құрамыз және коронавируспен күресте адам өмірі бірінші орында болуы тиіс» деген бастамаларынан үзінді келтірілген.

Хабар 24 телеарнасы