Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне төрағалықты қабылдады
- 210
- UPD: 21:10, 24.09.2020

Қазақстан Тәжікстаннан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне төрағалықты қабылдап алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кеңеске мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері қатысқан бейнеконференцияда Мұхтар Тілеуберді еліміздің қай бағыттарда жұмыс істейтінін баяндады. Сала басшысы қандай мәселелерге басымдық берілетініне тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан Кеңесті одан әрі институттандыру, осы арқылы мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын күшейтіп, форумның халықаралық мәртебесін көтеруді мақсат етіп отыр. Еліміз Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне 2022 жылға дейін төрағалық етеді. Қазір оған 27 мемлекет мүше. Тағы 8 ел мен 5 халықаралық ұйым бақылаушы мәртебесіне ие.