429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аида Балаева азаматтарды онлайн форматта қабылдады

  • 150
Аида Балаева азаматтарды онлайн форматта қабылдады

Үстіміздегі жылдың 25 қыркүйегінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева азаматтарды қабылдады.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өтініш иелерін қабылдау видеоконференциялық байланыстың қолдануымен онлайн форматта өтті.

Қабылдауда: бүгінгі таңдағы ақпарат саласындағы оң өзгерістер мен жаңаша әдіс-тәсілдер, жастарды түрғын үймен қамтуға қатысты және басқа да қоғам өміріндегі маңызды жайттар сөз болды.

Шара барысында министрге журналистердің жұмысына қатысты, ақпарат саласы төңірегіндегі бірқатар мәселелер айтылып, журнал басылымының даму жұмыстары талқыланды.

Еске сала кетсек, азаматтар egov.kz электронды үкімет порталы сервисінің көмегімен бейне-конференция арқылы,  Министрліктің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрінің виртуалды қабылдауына қатыса алады.

Хабар 24 телеарнасы