428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы «КСМ Техновид» ЖШС-іне барды

  • 110
  • UPD: 16:19, 25.09.2020
Мемлекет басшысы «КСМ Техновид» ЖШС-іне барды

Мемлекет басшысы Алматыға іссапары барысында қаланың Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін сәулеттік қасбеттер зауытының жұмысымен танысты.

Президентке кәсіпорынның өнімдері таныстырылып, құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді. Мұнда 250-ден астам адам жұмыс істейді. Компанияның жобаға салған жеке инвестициясы – 3,8 миллиард теңге. Зауыттың қуаттылығы жылына 475 мың шаршы метр шыны пакет шығаруға жетеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына Алматы индустриялық аймағының жағдайы мен даму перспективалары туралы айтылды. Мұнда жыл аяғына дейін құны 85 млрд теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы