Онлайн форматтағы жиында еліміздің өкілдері БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясы аясында кедейлікті азайту тақырыбын талқылады.
Іс-шараға БҰҰ-ға мүше 13 елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты. Қатысушылар арасында БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мохаммед, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Лю Чжэнмин мен Ахим Штайнер де бар.