427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барды

  • 115
  • UPD: 21:07, 28.09.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сапар барысында Халықаралық әуежайдың техникалық ашылуына қатысты. Қаладан 20 шақырым жерде орналасқан әуежай келер жылы толық іске қосылады.

Айта кету керек, құрылыс жұмыстары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізілді. Әуежай жылына 3 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Көп ұзамай, елорда, Алматы, Ыстамбұл тұрғындары киелі мекенге ұшақпен бара алады. Кейін Қазақстанның басқа облыстары мен Меккеге қатынауға мүмкіндік туады. Бұдан кейін Елбасы «Түркістан арена» стадионында болды. Жеті мың адамға арналған стадионда спорттың бірнеше түрі бойынша жан-жақты жаттығу жасауға барлық мүмкіндік бар. Былтыр Түркістанда біраз нысан пайдалануға берілді. Олардың дені әлеуметтік маңызы жоғары ғимараттар еді. Биыл мәселен, әкімшілік-іскерлік орталықта салынады деп жоспарланған 89 нысанның тағы 23-і тапсырылады. Соның бірі – Конгресс холл. Бұл облыстың салтанатты жиындары өтетін, мың орындық көрермен залы бар мәдени орталық.

Хабар 24 телеарнасы