Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы «Түркістан-Арена» стадионына барды.
«Елбасы «Түркістан-Арена» стадионында болып, кейін «Конгресс Холл» көп функционалды концерт залына барды. Елбасы концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға арналған көп функционалды мәдени нысанмен танысты» деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде.
Сондай-ақ Тұңғыш Президент Rixos Turkistan қонақүйіне барды.