428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бірлік» партиясының кезектен тыс V съезі өтті

  • 99
  • UPD: 18:56, 30.09.2020
«Бірлік» партиясының кезектен тыс V съезі өтті

«Бірлік» партиясы «ұйқыдағы» саяси ұйым емес.

Оларда халықтың әлеуметтік жағдайын, оның ішінде, ауыл-аймақты, мәдени-рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған жоспар бар. Оны жүзеге асыратын нақты қадамдар да айқындалған. Бұл туралы бүгін партияның кезектен тыс V съезінде айтылды. Жиында партия жарғысына өзгерістер енгізіліп, ұйымдастыру құрылымының жаңарғаны хабарланды. Сонымен қатар партияның идеологиялық тұғырнамасының басты бағыттары талқыланды. Елордада өткен съезге өзге өңірдегі делегаттар бейнебайланыс арқылы қатысты. Партия төрағасы Серік Сұлтанғали «Ауыл» партиясымен бірігу туралы әңгімеге нүкте қойды.

Серік Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы:

- «Ауыл» партиясымен қосыламыз деген идея болған. Съезімізде сондай шешім қабылданды. Мен ең негізгі мәселе драйвер дейді ғой, ағылшынша айтқанда, локомативіміз бола ма деп ойладым, осы күшейіп, бірауыздан ауылымызға көмектесейік дедім. Жұмыссыз жүрген жігіттер. Кәсіби техникалық білімі бар. Сондықтан қосылу мәселесінен бас тарттық.

Хабар 24 телеарнасы