429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ аясында үнді және пәкістандық әскерилермен бірлескен жаттығу өткізу мақұлданды

  • 127
  • UPD: 13:41, 01.10.2020
ШЫҰ аясында үнді және пәкістандық әскерилермен бірлескен жаттығу өткізу мақұлданды

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әскери оқу-жаттығулар аумағы кеңейтілуі мүмкін.

Бүгін Сенат отырысында депутаттар 2007 жылғы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Осылайша ұйымға соңғы болып қосылған Үндістан мен Пәкістан елдерін әскери жаттығуларға жұмылдыру жағы қолға алынбақ. Жауынгерлік оқулар бірінші кезекте лаңкестікке қарсы іс-қимыл шаралары шеңберінде жүргізіледі. Осы мақсатта Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше кез келген мемлекеттің аумағы таңдалуы мүмкін. Алдағы әскери жаттығулардың нақты мерзімі әзір белгісіз.

Нұржан Нұрсипатов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бұл антитеррор, террорға қарсы жаттығулар. Одан кейін бірнеше мемлекеттің қарулы күштерін үйлестіріп бір жаттығу жасайды. Бұл енді біздің бірнеше мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған заң жобасы деп есептеймін. Бюджетке ешқандай қосымша қаржы талап етпейді.

Хабар 24 телеарнасы